Кітапхана

10.12.2022

Көрулер: 508

Кітапхана- рухани қазына.
ЖОО- ға дейінгі дайындық кафедрасында білім алып жатқан ауған тыңдаушылары 10 желтоқсан күні ҚазҰУ қалашығында орналасқан Әл- Фараби кітапханасына барып, қызықты мәліметтермен танысты. Бұл кітапхана университеттің ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы болып табылады. Кітапхана гиді Көбегенова Құндыз шетелдік тыңдаушыларды Ғұлама ойшылға арналған мұражайға апарып, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдар қойылған көрмені көрсетіп, әйгілі қайраткерлерге арналған залдарды аралатып, Ауғанстан бұрышы, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залымен жан- жақты таныстырды.