2020 жылғы қазақстандық ЖОО рейтингісінің қорытындысы шығарылды.

31.12.2020

Көрулер: 1506

2020 жылғы қазақстандық ЖОО рейтингісінің қорытындысы шығарылды. Зерттеуді ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілерді тарта отырып, "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізді. Рейтингке ІІМ, ҰҚК және қорғаныс министрлігінен басқа еліміздің барлық жоғары оқу орындары қатысты.
Рейтингті құру кезінде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен мансаптық болашағы, білім беру бағдарламаларының сапасы және оқушылардың жетістіктері ескерілді.


2020 жылы зерттеу аясында 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа орналасуына талдау жасалды, Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам салалық сарапшылар тартылды. Нәтижесінде 108 университет бойынша 6 мың сараптамалық қорытынды алынды. "Биылғы жылы еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, түлектерді жұмысқа орналастыру да сол деңгейде сақталып отырғаны қуантады.


2020 жылы жұмысқа орналастыру пайызы 71 құрады. Екінші қуантарлық жайт, жұмыс берушілердің қанағаттануы артып келеді. Зерттеуге 600 сарапшы қатысып, білім беру бағдарламаларының сапасы жақсарғанын атап өтті. Яғни, жоғары оқу орындары еңбек нарығына бағдарланған. Жұмыс берушілердің қанағаттануы 1,3-ке өсті. Жоғары оқу орындарының практиктерді тарту бойынша мүмкіндіктері кеңеюде", - деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Atameken Business телеарнасындағы телевизиялық марафон барысында.


Зерттеу нәтижелері бойынша 2020 жылы түлектерді жұмысқа орналастырудың орташа пайызы өткен жылдар деңгейінде қалып отыр және 71% - ды құрайды. Мамандандырылған агенттіктерде білім беру бағдарламаларының 73% - ы аккредиттелді, бұл ретте оқытушылардың 72% - ы практикалық тәжірибеге ие. 36 ЖОО студенттері стартап-жобаларын жүзеге асырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Туризм"саласындағы мамандарды даярлау рейтингінде бірінші орын алды.


Жалпы, жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттану деңгейі 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда үштен бірге артты. Академиялық еркіндік жоғары оқу орындарына жұмыс берушілермен келісе отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде білім беру бағдарламаларының сапасы жақсарғаны байқалады. Шетелдік агенттіктерде мамандандырылған аккредиттеуден өткен бағдарламалар саны 8,2% - ға өсті.