Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы
26.01.2024Қазақстанда 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бір ғана уақыт белдеуі болады: 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5).
Қазақстанда 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бір ғана уақыт белдеуі болады: 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5).
«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сұхбаты кеңінен жарияланды. Мемлекет басшысы ішкі және сыртқы саясат мәселелерін, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларды, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын, сондай-ақ атом электр станцияларының құрылысын және басқа да өзекті тақырыптарды талқылады.
2023 жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Тамғалы тастағы Іле өзенінің маңында жыл сайынғы «Алтын күз» митингісі өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасы) екі командасы: «Туризм қуаты» және «ЖасТур» қатысты. Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша университетіміздің командалары жүлделі орындарға ие болды: «Туризм қуаты» командасы – 2 орын; «ЖасТұр» командасы – 3 орын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы 2023 жылдың 17 қыркүйегінде университет студенттері үшін Горельник сарқырамасына демалыс күнгі жаяу жорық өткізді.
2023 жылдың 16 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында «Дүниежүзілік тазалық күні» экологиялық акциясына қатысты (https://www.instagram.com/reel/CxSptuGNMxC/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng%3D%3D).
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2023 жылғы 4-9 қыркүйек аралығында Рекреациялық география және туризм кафедрасында кураторлық сағаттар топтамасы өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (География және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасы) студенттері Алматы қаласының оқушылары, тұрғындары мен қонақтары үшін университет қалашығы бойынша танымдық экскурсияларды қайта бастады. Бағдарламада: әл-Фараби мұражайына, әл-Фараби кітапханасына, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына және басқа да нысандарға бару.
Сәуір айының 20 жұлдызы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен және кафедра оқытушы Нұрұлы Елдардың жетекшілігімен «Project Battle» атты сайысы өткізілді. Аталмыш іс-шара «Қонақжайлылық маркетингі» пәні аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және өз жобаларын дайындау, оларды таныстыру және аудитория алдында қорғау арқылы маркетинг саласында нақты практикалық дағдыларды бекіту.
27 наурызда рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары және студенттері болашақта университетіміздің әлеуетті студенттері Якутиядан келген оқушыларға арналған ҚазҰУ кампусы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді.
Экскурсия барысында қонақтарды ҚазҰУ тарихымен, университеттің инфрақұрылымдық бөлімшелерімен таныстырды. Университет кітапханасымен танысу, ҚазҰУ-дың тарих мұражайына, сондай-ақ "Кереметке" бару үлкен қызығушылық тудырды.