Рекреациялық сыйымдылықты бағалау және антропогендік әсерді азайту негізінде Қазақстан Республикасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын ұтымды пайдалану

 

Жобаның ЖТН: AP09260144

Басымдық: Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология

Кіші басымдық: Су, топырақ және биологиялық ресурстарды басқару

Іске асыру кезеңі: 2021-2023 жж. (36 ай)

Тапсырыс беруші: «ҚР БҒМ Ғылым комитеті» ММ

Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Асипова Ж.М.

 

 

  • Жобаның өзектілігі мен идеясы:

Туристік-рекреациялық сыйымдылықты бағалау туризмнің кеңістік пен қоршаған ортаға антропогендік әсерін есепке алу факторы ретінде пайдаланылады. Ол туризмнің кеңістіктік дамуын жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және тұрақты туризм стандарттарын белгілеу құралдарының бірі болып саналады. Аумақтың сыйымдылығын белгілі бір аумақта болатын және аумақтың мазмұнын дестинацияның экологиялық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық құрылымында қолайсыз және қайтымсыз өзгерістер тудырмайтындай, сондай-ақ туристік тәжірибе мен туристің әсерінің сапасын төмендетпейтіндей етіп пайдаланатын туристердің ең көп саны ретінде анықтауға болады.

 

Туристік-рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері, оларды бағалау және антропогендік факторлардың әсері аумақтық туристік-рекреациялық жүйелерді кеңістіктік және экономикалық ұйымдастыруды оңтайландырудың, жекелеген ресурстар мен олардың комбинацияларының құндылығын айқындаудың негізі болып табылады.

 

Көбейтұз көлінің мысалында табиғи ресурстарды басқарудың иррационалды тәсілдері, туристік және рекреациялық сыйымдылықтардың есептеулерінің болмауына байланысты туристердің толып кетуі, сондай-ақ реттеудің «тұрақсыз» тәсілдері көлдің экожүйесін бұзған қайғылы нәтижеге әкелді.

 

COVID-19 пандемиясы әлемде және жаһандық жоспарда туризмнің дамуына теріс әсер етті, бірақ қазақстандық туризм үлгісінде біз ішкі туризмге деген тұрақты қызығушылықты байқаймыз, осының нәтижесінде жаңа, зерттелмеген және бұрын танымал емес дестинациялардың дамуы жүріп жатыр. Ішкі Қазақстандық туризмнің жаңа дестинациялары тұрақты тәсіл негізінде қалыптасуы үшін оларды игеруді аумақтың туристік-рекреациялық сыйымдылығын бағалаудан бастау қажет.

 

Жобаның идеясы: туристік қызметке тарту мақсатында аз зерттелген, игерілмеген, бірақ рекреациялық әлеуеті бар туристік қызығушылық объектілерін анықтау, антропогендік жүктемені бөлуді графикалық түрде көрсету үшін ГАЖ-технологиялар негізінде интерактивті картографиялық материалдарды әзірлеу және экологиялық жағдайды бағалау нәтижелері негізінде шиеленісті экологиялық жағдай учаскелерін анықтау, осы негізде ҚР табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және теріс антропогендік әсерді азайту мақсатында мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының рекреациялық әсерді реттеу тетігін әзірлеу.

 

  • Жоба мақсаты

Теріс антропогендік әсерді төмендету есебінен Қазақстанның рекреациялық әлеуеті бар табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын ұтымды пайдалану жолымен аумақтарды тұрақты дамыту үшін мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының рекреациялық әсерді реттеу тетігін әзірлеу.

 

  • Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

– 2021 жылға:

әлемдегі және ТМД елдеріндегі туристік-рекреациялық сыйымдылықты бағалау және табиғи туристік-рекреациялық объектілерді ұтымды пайдалану әдістері бойынша заманауи зерттеулерге жүйелі талдау жүргізу, яғни Қазақстан Республикасында қолдану үшін неғұрлым қолайлы әдістемені анықтау жөніндегі заманауи тәсілдерге тарихи-хронологиялық шолу және салыстырмалы талдау жүргізу; Қазақстанның жағдайына сәйкес келетін жетілдірілген әдістемені әзірлеу, яғни Қазақстанға тән факторларды ескеретін бірқатар есептік коэффициенттерді айқындауды болжайтын интегралдық әдістемені әзірлеу бұл жеке алынған аумақтардың туристік-рекреациялық сыйымдылығы мен әлеуетінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді; ҚР табиғи туристік-рекреациялық объектілерін анықтау және дестинациялардың аттрактивтілігін талдау, яғни әлі де аз зерттелген және үлкен сұранысқа ие емес, бірақ аттрактивтілік және дестинация ретінде даму әлеуеті бар табиғи туристік-рекреациялық объектілерді анықтау үшін сандық әлеуметтік зерттеу жүргізу.

 

– 2022 жылға:

жергілікті жерде бастапқы деректерді жинау және өңдеу үшін далалық зерттеулер жүргізу және таңдап алынған объектілердің туристік-рекреациялық сыйымдылығын және рұқсат етілген антропогендік жүктемесін есептеу; сандық нәтижелерге верификация жүргізу; таңдап алынған объектілерде негізгі стейкхолдерлердің жартылай құрылымданған және/немесе терең сұхбат әдістерімен сапалы социологиялық зерттеулер жүргізу.

 

– 2023 жылға:

алынған нәтижелерді визуалдау: географиялық тақырыптық карталар, инфографика және басқалар, яғни антропогендік жүктеменің таралуын графикалық түрде көрсету және туристік-рекреациялық сыйымдылықты бағалау нәтижелері негізінде экологиялық жағдайы шиеленіскен учаскелерді анықтау үшін ГАЖ-технологиялар негізінде интерактивті картографиялық материалдарды әзірлеу; туристік объектілерді дамыту сценарийін анықтау; аумақтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, табиғатты тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының рекреациялық әсерді реттеу тетігін әзірлеу (негізгі стейкхолдерлердің қатысуымен), яғни туризм мен рекреация объектілеріне теріс антропогендік әсерді төмендету жөніндегі кезеңділікті және нақты іс-шараларды көрсететін мастер-жоспар әзірлеу, туризмнің табысты және серпінді дамуына бағытталған (оң тәжірибе басқа туристік-рекреациялық аумақтарға/жағдайлары ұқсас объектілерге экстраполяциялануы мүмкін).

 

  • Зерттеу тобының мүшелері:

Орындаушының аты-жөні

Жобадағы позициясы

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Scopus-тағы Author ID

Researcher ID Web of Science

ORCID ID

Google Scholar

1

Асипова Ж.М.

Ғылыми жетекші, АҒҚ

PhD, қауымд. проф.

56124528100

B-4536-2013

0000-0003-2901-9621

профиль

2

Нұрұлы Е.

Жауапты орындаушы, ҒҚ

Докторант

57198426770

V-7078-2017

0000-0002-9321-2285

профиль

3

Павличенко Л.М.

ЖҒҚ

г.ғ.д., доцент

55367910300

-

0000-0002-2650-806X

профиль

4

Актымбаева А.С.

ЖҒҚ

г.ғ.к., қауымд. проф.

55916649100

N-9777-2014

0000-0003-1269-4356

профиль

5

Танкибаева А.Г.

АҒҚ

PhD

57205715860

профиль в publons

0000-0003-0341-0032

профиль

6

Базарбекова М.М.

ҒҚ

PhD

57201650093

-

0000-0002-2528-5079

профиль

7

Сапиева А.Ж.

ҒҚ

Докторант

-

профиль в publons

0000-0001-7717-8139

профиль

8

Карыспаева А.Е.

КҒҚ

Магистр

-

-

-

-

9

Махамбетжан С.М.

КҒҚ

Магистрант

-

-

-

-

 

2021 жылы алынған қорғау құжаттары:

  1. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы куәлік (авторлық құқық объектісі: ғылыми туынды). 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 20253. «Системный анализ современных исследований в мире и в странах СНГ по оценке туристско-рекреационной емкости и методов рационального использования природных туристско-рекреационных объектов» / Асипова Ж.М., Танкибаева А.Г., Нұрұлы Е., Актымбаева А.С., Базарбекова М.М., Сапиева А.Ж., Махамбетжан С.М., Карыспаева А.Е., Сақыпбек М.А. Свидетельство.pdf

 

ХҒПК-дағы 2021 жылғы баяндамалар:

  1. Makhambetzhan S.M., Mominov S., Zhilkibayeva M. Methodological support for the assessment of the tourist and recreational capacity of natural tourism objects // IX International Conference on Education and Research in Tourism and Hospitality. – 18-19 November, 2021.
  2. Қалиева А.Б., Актымбаева А.С., Сапиева А.Ж. «Тарбағатай» ұлттық паркінің туристік маршруттарындағы рекреациялық жүктемені анықтау және оларды реттеу бойынша ұсыныстар // Туризм және қонақжайлылық саласындағы білім беру және зерттеулер бойынша IX халықаралық конференциясы. – 18-19 қараша 2021 ж.