«Туризм» мамандығы бойынша кадрларды даярлауға бағытталған оқу-әдістемелік бірлестіктің - жобаларды басқару тобының отырысты

17.04.2020

Көрулер: 1895

Бүгін, 2020 жылдың 17 сәуірінде «Туризм» мамандығы бойынша оқыту бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестік-жобаларды басқару тобының онлайн-кездесуі өтті. Қазақстан Республикасының 41 мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері, Ресей Федерациясынан шақырылған спикер Дусенко Светлана Викторовна - әлеуметтік ғылымдар докторы, профессор, Ресей мемлекеттік дене тәрбиесі, спорт, жастар және туризм университетінiң туризм және қонақжайлылық кафедрасының меңгерушісі, және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

«Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету»  секциясындаӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нiң Рекреациялық география және туризм кафедрасының доцент міндетін атқарушысыPhD Асипова Жанна Медеуовна «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Рекреациялық география және туризм кафедрасының COVID-19 қауіп-қатерімен қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу тәжірибесі туралы» тақырыбында баяндама жасады. 

 

Асипова_РУМС_ДОКЛАД