«TOP STUDENT MOBILITY»

10.04.2020

Көрулер: 1878

Жуырда ең үздікшетелдік студенттер үшін әрі кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламаларын қолдау мақсатында Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу) тарапынан ұйымдастырылған TOP STUDENT MOBILITY стипендиялықбайқауының нәтижелері шықты.

Байқауға желілік түрде жүзеге асырылатын негізгі білім беру бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаласы аясында Ресей халықтар достығыуниверситетінде білім алушы жетекші шетелдік университеттердің студенттері қатысты.

Бағалау шкаласына серіктес университеттің QS рейтингісіндегі орнынан бастап, үміткерлердің жеке таланттарына дейінгі бірнеше факторлар кірді:

үміткер университеттің QS-гі лауазымы;

бағалары туралы көшірме (орташа баға);

жарияланымдар / ғылыми жетістіктер;

ғылыми конференцияларға қатысу;

орыс тілі білімі денгейі туралы сертификат;

мотивациялық хат, олимпиада/конкурс жеңімпаздарының дипломдары мен грамоталары.

Байқау нәтижесі бойынша 30 жеңімпаз анықталды, олар лауреаттар атағын алды және 41 500 рубль мөлшерінде сыйлық алды.

Байқауға Болонья университеті (Форли), Бордо университетінің Саяси зерттеулер институты, Парма университеті, Йоаннеума (Грац қ.) қолданбалы ғылымдар университеті, Комплутенсе университеті, Насир ад-дин Туси атындағы Технологиялық университеті және ТМД елдерінің бірқатар университеттерінің студенттері мен магистранттары қатысты.

30 жеңімпаз қатарында ҚазҰУ-дың 11 студенті мен магистранттарының рейтингтің алғашқы үштен бір бөлігінде (1,3,4, 8,10 орындар) болуы мақтан тұтарлық жайт.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы байқау лауреаттарын яғни магистранттар Шарбай Темірлан мен Жұмашева Меруертті құттықтап, оларға оқуда, әлеуметтік белсенділікте және табандылықта табыстар тілейді және шетелде біздің студенттер мен магистранттарды танытатын қасиеттеріне сәттілік тілейді!