«Тәуелсіздік тұғыры – тіл, таным, тарих»

                                                                                
                                                       

                                                                                  АҚПАРАТ ХАТ

                                                              Қадірлі әріптестер!

2021 жылдың 30 сәуірінде аса көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы, аудармашы, педагог, журналист, қоғам қайраткері Қошке (Қошмұхамет) Кемеңгерұлының туғанына 125 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік тұғыры – тіл, таным, тарих» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары

  • Тәуелсіздік және алаш идеясы
  •  Қазақ тіл білімінің тарихы: тарих ақтаңдақтары
  • ·Тілтанудағы тұлға
  • Тіл саясаты, мемлекеттік тіл, терминжасам
  •   Қазіргі қазақ тіл біліміндегі инновациялық парадигмалар
  • ·Қазақ тілінің теориялық мәселелері
  • · Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

Конференцияны ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тіл білімі кафедрасы

Формат: онлайн, Zoom платформасы. Онлайн конференцияға қатысу үшін сілтеме қосымша жіберіледі, сонымен қатар университет сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Басылым жұмыстары үшін 4000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы төленеді (KZ14722C000013976344 Рамазанов Талгат Бекбулатович). Мақаланың электронды нұсқасы 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады (alm-ornai@mail.ru; satmuhamet@gmail.com).

Мақалаға қойылатын талаптар:

  1. Қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі мақаланың электронды нұсқасы 10 беттен аспауы керек.
  2. Мәтін Times New Roman қарпімен терілуі қажет, 14 шрифт; жол аралығы – 1; жан-жағынан 20 мм қалдырылуы керек.
  3. Сілтеме жасалатын еңбектер мақаладағы реті бойынша тік жақшамен, араб цифрларымен беріледі.
  4. Кестенің түсіндірмесі төмен жағына беріледі.
  5. Мақалаға конференцияға қатысушының өтінімі тіркелуі керек. Онда автордың аты-жөні, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі мен атағы толық көрсетілуі керек.
  6. Мақалада

-   үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) 4-6 жолдан аспайтын аңдатпа;

-   мақаланың мазмұнына сәйкес үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) арасы нүктелі үтірмен ажыратылған өзек сөздер (15-40 сөз не сөз тіркесі) берілуі керек;

-   мақаланың соңында пайдаланылған еңбектердің тізімі стандартқа сай (ГОСТ 7.1-2003) рәсімделуі керек.

 

Конференция аясында университет студенттерінің арасында байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздарға (1, 2, 3-орындар үшін) ақшалай сыйлық беріледі.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби, 71. Тел. 3773333; ішкі: 13-27, қазақ тіл білімі кафедрасы

Байланыс телефондары: Рамазанов Талғат (+7 702 591 4637), Жубаева Орынай (+7 707 398 3545).

 

Конференцияға қатысушының өтінімі

 

1.  Аты-жөні

 

 

2.  Мемлекет, қала

 

 

3.  Жұмыс орны, қызметі

 

 

4.  Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

 

5.  Ұялы телефоны

 

6.  Электронды пошта (е-mail)

 

7.  Баяндама (мақаланың)   тақырыбы

 

8.  Секция атауы

 

 

Басылым күні :  16.04.2021