«Жамбыл Жабаевтың мұрасының қазіргі әдебиеттанудағы орны мен маңызы»
Қатысу шарттары.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтеді. Конференция материалдарын аталған үш тілде электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған.
Материалдар 2021 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.
Конференция бағдарламасына қосу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасы электронды түрде (міндетті түрде) ұсынылуы қажет.
Жинақтың шығуына жауапты редакторы Какимова Ардақ.
Е-mail: kakimovaardak@gmail.com
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Материалдар электронды нұсқада почтасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word құжаты» форматында сақталуы тиіс.
- Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14 кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет (үлгіні қараңыз).
- Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында (үлгіні қараңыз).
- Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) шрифтімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.
- Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman (кегль 12) (үлгіні қараңыз).
- Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің №, сондай-ақ беттің № (үлгіні қараңыз) тұрады.
- Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді (үлгіні қараңыз).
- Материалдардың көлемі 6 беттен аспауы тиіс.
- Назар аударыңыз! Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін және редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.
ҮЛГІ
МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ
Омаров Б.С. Қазақстан, Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Аннотация (100-150 сөз) Кіріспе. Негізгі бөлім [1, 1 б.]. Қорытынды. Әдебиеттер.
ӘДЕБИЕТТЕР (үлгі):
Автор туралы мәлімет: Аты-жөні (толық); қала; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі, атағы; байланыс үшін байланысу ақпараты (телефон, E-mail) |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
ЖАМБЫЛ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Жамбыл атындағы Ғылыми-зерттеу орталығымен бірге 2021 жылдың 24 ақпанында ақын, қазақ әдебиетінің классигі, ақын-жырау Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына орай «Жамбыл Жабаевтың мұрасының қазіргі әдебиеттанудағы орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияға Түркия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекістан сынды алыс-жақын шетел ғалымдары мен қазақстандық әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің зерттеуші мамандары, мектеп мұғалімдері, студент, магистрант, докторанттар және БАҚ өкілдері шақырылады.
Онлайн конференцияның мақсаты жыр дүлділі Ж. Жабаевтың шығармашылығын әлем әдебиеті контекстінде қарастыру мен қазіргі әдебиеттанудың жетістіктері тұрғысынан зерделеу болып табылады. Конференция аясында Жамбылтануды оқытудың инновациялық әдістеріне де баса назар аударылады. Қатысушылар осы тақырыптар аясында баяндама жасайтын болады.
Конференция аясында 3 секция жұмыс істейді:
- Жамбыл Жабаевтың шығармаларының әлемдік поэзиямен үндестігі;
- Жамбылтанудың бүгіні мен келешегі жас ғалымдардың зерттеулерінде;
- Жамбылтану мен филология пәндерін оқытудың инновациялық әдістемесі.
Конференция 2021 жылдың 24 ақпанында сағат 14:00-де «Zoom» платформасында өтеді. Шараға келесі сілтеме арқылы қосылуға болады.
Конференция сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/72021903013?pwd=MXZWMlh5aStSN3VxNHk3RCttZjB5dz09
Конференция идентификаторы: 720 2190 3013
Конференцияға қосылу коды: 123456
Байланыс телефондары: +7 (727) 377 33 30 (ішкі нөмір: 1330);
+7 701 457 07 16 (Алмасбек);
+7 701 541 0909 (Ардақ);
+7 707 789 8379 (Әйгерім);
+7 747 896 7479 (Бибігүл).