Жазушымен онлайн кездесу

Жазушымен онлайн кездесу

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2012 жылдан бастап «100 кітап» жобасы жүргізіліп келеді. Жобаға оқуға тиіс үздік отандық және әлемдік классиктердің шығармалары таңдалды және тізімі жасалды. Жобаның негізгі мақсаты – студенттерді кітап оқуға тарту арқылы жастардың мәдени және білім деңгейін көтеру. Жоба дәстүрге айналып, басқа мамандықтағы факультеттер де, атсалысып, қазіргі таңға дейін жоба аясында әдебиетке қатысты әралуан шаралар өтуде. Бүгінгі онлайн-кездесуіміз осы жоба аясында ұйымдастырылып отыр.

Әлемде болып жатқан жағдайға байланысты – адамзат ойы мың сан тарапқа салынып, дағдарыста жүрген кезде біз халқымызға рухани азық бола білуіміз керек.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы – адамның жан-дүниесін терең көрсете білген сюжеттерге толы, өмір жайлы философиялық толғамдары бар туындыларды жазған жазушы, аудармашы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Оразбен онлайн кездесу өткізеді.

Онлайн шараға Институт қызметкерлері мен ҚазҰУ оқытушылары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысады. Онлайн кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің үрдісі мен басты бағыт-бағдарлары, сондай-ақ, жазушының шығармашылығы, жастардың кітап оқуға қызығушылығын ояту мәселелері талқыланады.

Онлайн шара 24 сәуірде, сағат 16.00-де басталады, қатысуға ниет білдірушілер https://us02web.zoom.us/j/82146338478 қосыла алады.

Басылым күні :  29.04.2020