ХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛТАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ СИМПОЗИУМЫ

4-7 шілде 2023, Алматы, Қазақстан

Бірінші ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Алтай қауымдастығы Академиясының 2023 жылғы 4-7 шілде аралығында өткізілетін “Алтай халықтарының жер-су атаулары” атты ХІ Халықаралық симпозиумының Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылатынын шын жүректен қуана хабарлаймыз.

Түркі және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер мың жылдан бері түрлі жағынан зерттеліп келе жатқан асқақ Алтай әлеміне деген қызығушылық ешқашан толастаған емес. Бұл бағыттағы жұмыстар түбі бір түркі мемлекеттері тәуелсіздіктерін алғаннан кейін жанданып, тереңдей түсті. Түркі елдері мен халықтары бір-бірін жақынырақ тануға, жалпы түркі әлемін бірігіп зерттеуге құлшына кірісті.

“Халықаралық Алтай қауымдастығы симпозиумы” атауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан академиялық іс-шарамыздың жалғасы болып табылатын бұл симпозиумның жұмысы тарих және мәдениет, әдебиет және өнер салаларына, түркітану және көне жазба мұраларды ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселелеріне, адамзаттың өмір сүретін мекенімен, қоршаған ортасымен біте қайнасып кетуін қамтамасыз ететін жер-су атауларына (топонимика) арналады.

Тақырыптың аясында көне заманнан бүгінге дейін жазылған жазба және ауызша дереккөздер; жер-су атауларының қойылу себептері (географиялық және табиғи ерекшеліктері, тарихи оқиғалар, әлеуметтік-мәдени ықпалдар), діни наным-сенімдер, ру- тайпа, кісі аттары (ономастика); жер-су атауларындағы фонетикалық және морфологиялық өзгерістер және т.б. тақырыптар талқыланады. Сонымен қатар симпозиум Алтай халықтарының жер-су атауларын салыстырмалы түрде зерттеу арқылы ұқсас мәдени элементтерді айқындауды да көздейді.

Симпозиум жұмысы секциялар мен пленарлық отырыстар негізінде жүргізіледі.

Симпозиумға жіберілген аннотациялар тақырып пен мазмұныны мен редакциялық кеңестің шешімімен сәйкестігіне қарай бағдарламаға енгізіледі.

Баяндаманың тезисі 300 сөзден аспауы тиіс.

Пленарлық отырыстар төрағамен қоса үш немесе төрт кісіден құралуы керек. Пленарлық отырыста қатысушылар ой-пікірлерін бөлісе алатындай етіп ұйымдастыру отырыс Төрағасына жүктеледі, сондай-ақ қажетті ескерту, басқару және т.б. жұмыстарын жүргізуге міндеттеледі. Сондықтан Төраға пленарлық отырыс үшін баяндамашыларды өзі таңдайды. Пленарлық отырыстың өтінішінде, тақырыбы және уәждемесімен бірге әр қатысушының қосар үлесі анық және толық баяндалуы керек. Пленарлық отырыс пен тақырыптық секцияларда әр баяндамашыға 15 минут беріледі.

 

Симпозиумға 100 баяндама қабылданады. Баяндамалар өзекті және тың, ғылыми ортаға қызықты мәселелерді қозғайтын, ғылымға қосар үлесі зор тақырыптар болуға тиіс. Симпозиумның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастыру кеңесі қажетті баяндамаларды іріктеу құқына ие.

Симпозиумның күнтізбесі:

Аннотацияны жіберу: 15 наурыз 2023

Қабылданған мақалалар туралы хабарландыру: 2023 жылғы 15 сәуір.

Пленарлық отырыс баяндамаларының немесе жеке баяндамалардың аннотациясы симпозиум ұйымдастыру комитетінің талқысынан өтеді. Қатысушыларға баяндамасының қабылданғандығы туралы ақпарат жазбаша түрде жіберіледі.

Симпозиум тілі: Алтай тілдері, түркі тілдері, ағылшын тілі, француз тілі, неміс тілі, орыс тілі.

Симпозиумға қатысушылардың тамақтануы мен мәдени экскурсияларды ұйымдастыру шығындары (бес күн) Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жүктеледі. Қонақ үй ақысы мен жол қаражаты (Қазақстаннан және шет елдерден) қатысушылар тарапынан төленеді.

Қонақ үйдің аты мен симпозиумның жұмысы туралы ақпарат алдын-ала хабарланады.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін симпозиум үшін ешқандай қатысу жарнасы талап етілмейді.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті

* Пожалуйста, отправьте регистрационную форму и предложения по адресу:

Электронная почта: altaycommunities@gmail.com

Сайт: http://altaycommunities.org

Басылым күні :  03.07.2023