Халықаралық қысқы мектеп

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен Ж. Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығы 2023 жылдың 27 ақпан – 3 наурыз аралығында өтетін Халықаралық қысқы мектепке шақырады. 

Халықаралық қысқы мектепті ұйымдастырудың мақсаты - мәдениетаралық коммуникация, әдебиетті зерттеу мен оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар, ғылыми жарияланымдар дайындау саласында тәжірибе және білім алмасу.

Халықаралық қысқы мектептің тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізу форматы: офлайн және онлайн.

Қысқы мектептің спикерлері: жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, жазушылар, әдеби қызметкерлер

Қысқы мектеп аясындағы келесі шеберлік сыныптар өткізіледі:

1) Шешендік өнер және спичрайтинг негіздері

2) Көркем шығармаларды талдау принциптері

3) Әдебиет және заң

4) Әдебиет арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу

5) Фольклор мен әдебиеттегі экономика мен кәсіпкерлік негіздері

6) Шетел азаматтарына қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

7) Жазушының шығармашылық зертханасы

8) Оқушылардың ғылыми жобаларын дайындау

9) Диплом жұмысын жазу

10) Мектеп бағдарламасы бойынша теориялық білім беру

және «Орман ертегісі» тау курортында тимбилдинг, Алматы қаласына экскурсиялар

Халықаралық қысқы мектеп аяқтағаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Қысқы мектепке төмендегі үміткерлер қатыса алады:

• әлемнің барлық елдерінен;

• 15-50 жас аралығында

Халықаралық қысқы мектепке қатысу үшін төмендегі нысан бойынша өтінім толтыру қажет:

 

Аты-жөні

Шеберлік сынып атауы

 

 

 

 

Оқу құны: Халықаралық қысқы мектепте оқу ақылы. Бір шеберлік сыныптың оқу құны – 5000 теңге.

Халықаралық қысқы мектеп қатысуға өтінімдер 2023 жылдың 24 ақпанына дейін қабылданады.

Қысқы мектеп туралы толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (323 кабинет); телефондар: +7 (727) 3773339 (ішкі) 1328, 1330), e-mail: maryama140870@gmail.com

Басылым күні :  06.02.2023