«Қазақ фольклорының өзекті мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстел
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2023 жылдың 9 ақпанында танымал ғалым, фольклортанушы, филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі Советхан Баянұлы Тілеубаевтың 60 жылдығына арналған «Қазақ фольклорының өзекті мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстелге шақырады.
Дөңгелек үстел Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапханасының Ақ залында (№ 409) сағат 11.00-де өтеді.
Дөңгелек үстел аясында төмендегі мәселелер талқыланады:
1. Қазақ фольклорының даму кезеңдері мен тенденциялары
2. Фольклор және әдебиет
3. Қазіргі фольклордың жанрлық жүйесі
4. Фольклорды оқыту әдістемесі.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Дөңгелек үстелғе ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар қатыса алады.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін 2023 жылдың 6 ақпанына дейін өтініш беруге болады.
Дөңгелек үстелге қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы тиіс:
Аты-жөні
Ғылыми дәрежесі
Ғылыми атағы
Жұмыс орны мен қызметі
Баяндаманың атауы
Мекен-жайы, телефоны, e-maіl
Дөңгелек үстелге қатысу жайлы өтінішті төмендегі мекен-жай бойынша жіберіңіздер: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Телефон: +7 (727) 377 33 33 (ішкі 13-30), е-mail: kazlit19@gmail.com







