«ӘЛЕМНІҢ ЭТНОТІЛДІК БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ТҮРКІ МҰРАСЫ»

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

«ӘЛЕМНІҢ ЭТНОТІЛДІК БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ТҮРКІ МҰРАСЫ»

I Халықаралық конгреске қатысуға шақырамыз!

Конгрестің ашылу күні мен уақыты: 2022 жылдың 23 желтоқсаны, сағат 10:00.

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасы

(әл-Фараби даңғылы, 71/27), 4 қабат, 2 конференц-зал.

Негізгі спикерлер арасында: Түймебаев Ж.Қ. филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы (Алматы, Қазақстан), Егоров Н.И. филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы (Чебоксары, Россия), Ферух Ағча доктор, профессор, алтайтанушы (Эскишехир, Туркия) Кулмаматов Д. С. филология ғылымдарының докторы, профессор (Ташкент, Өзбекстан), Авакова Р.А. филология ғылымдарының докторы, профессор (Алматы, Қазақстан), Сағидолда Г. филология ғылымдарының докторы, профессор (Астана, Қазақстан) және т.б.

Конгресс бағдарламасына Қазақстан, Әзірбайжан, Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Венгрия мемлекеттерінен 100-ден астам қатысушы тіркелген, олар екі күн бойы онлайн және офлайн режимде келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді

  •  Қазақстандағы және әлемдегі түркітану мен алтайтану: дәстүрлі мәдениет және өнер;
  • Түркі және алтай тілдері: тарих және қазіргі заман;
  • Түркі халықтары қауымдастығының қалыптасуы мен эволюциялық үдерістерін тарихи-археологиялық зерттеу;
  • Қазіргі кезеңдегі Түркі әлеміндегі этносаяси және мемлекетаралық үдерістердің.

Конгресс ұйымдастырушылары:

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми зерттеу институты;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түркітану және тіл теориясы кафедрасы;
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасы. 

Конгрестің негізгі мақсаты – білімнің түрлі салаларын (тіл білімі, тарих, археология, этнология, этнография, мәдениеттану, философия, әлеуметтану, саясаттану) өкілдерін түркітану және алтайтану саласындағы зерттеулерді жинақтауға, сыни тұрғыдан қайта қарауға және түркілік мұраларды зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға жұмылдыру.

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  20.12.2022