Халықаралық Аханов оқулары – XXV

Өтетін күні, уақыты, орны: 2022 жылғы 27 мамыр, 12.30 – 18.00 (Нұр-сұлтан уақыты), 9.30-16.00 (Мәскеу уақыты). Тіркелу: 12.00 – 12.30 (Нұр-сұлтан уақыты), 9.00-9.30 (Мәскеу уақыты)

Іс-шара форматы: онлайн

Іс-шара туралы қысқаша анықтама: 27 мамыр 2022 ж. күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан) РХДУ шет тілдер институтымен (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Ыстамбұл университетінің Әл-Фараби Еуразиялық зерттеу орталығымен (Түркия, Ыстамбұл), Айтматов Академиясымен (Лондон, Ұлыбритания), Халықаралық Тараз Инновациялық институтымен (Тараз, Қазақстан) бірлесе 25-ші рет Халықаралық Аханов оқулары – XXV дәстүрлі конференциясын өткізеді.

1998 жылдан бастап Халықаралық Аханов оқулары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті негізінде дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Өткізілген конференциялардың форматы әртүрлі. Мәселен, 2006 жылғы 12-13 мамырда IX Халықаралық Аханов оқулары шеңберінде Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығының (МАПРЯЛ, Ресей) қамқорлығымен "Тіл және бірегейлік" халықаралық конференциясы өтті. Соңғы бірнеше жылда конференция РХДУ шет тілдер институтының (Мәскеу, Ресей Федерациясы), Ыстамбұл университетінің Әл-Фараби Еуразиялық зерттеу орталығының (Ыстамбұл, Түркия), Айтматов академиясының (Лондон, Ұлыбритания), халықаралық Тараз инновациялық институтының (Тараз, Қазақстан) бірлескен қатысуымен өткізіледі. Конференцияға қатысушылардың географиясы Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Нидерланды, АҚШ, Қытай, Испания, Польша, Чехия, Латвия, Израиль, Иран, Португалия, Қырғызстан, Малайзия, Тәжікстан, Тайвань, Болгария, Өзбекстан және т. б. елдердің ғалымдарымен ұсынылған. Конференция жұмысы "Тіл және бірегейлік" (2006), "Тіл және толеранттылық" (2007), Полилингвизм: тіл – сана – мәдениет" (2008), "Тіл және Діл" (2009), "Тіл және узус" (2011), "Тіл және инновациялар" (2012), "Тіл және жаһандану" (2013), "Тілді жаңғырту: уақыт талабы" (2015), "Тіл-жұмсақ күш" (2016), "Тіл, мәдениетаралық коммуникация және ұлттық бірегейлік: болашаққа көзқарас" (2018), "Тұрақты даму: тіл, мәдениетаралық коммуникация және цифрлық технологиялар " (2021) және т. б. сияқты түрлі өзекті бағдарлар бойынша өткізіледі. Конференциялардың халықаралық форматы қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелерін талқылауға, менталитет, тұлғаны қалыптастыру, тіл мен сананың өзара әрекеттесуі, тіл мен мәдениеттің психикалық процестерге қатысуы, тілдер мен мәдениеттер диалогын жүзеге асыру және т.б. мүмкіндік береді. 2021 жылы өткен XXIV конференция ақпараттық кеңістікті кеңейту және заманауи технологияларды қолдану арқылы тілдерді оқытудың, оларды жаңа заманауи жағдайларда оқытудың проблемалары мен перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді.

Іс-шараға Ресей, Ұлыбритания, Қазақстан, Молдова, АҚШ, Түркия, Тунис және басқа елдердің университеттері мен ғылыми құрылымдарының өкілдері қатысатынын растады.

Конференцияның бағыттары:

1. Тіл білімі және тұрақты даму контекстіндегі қоғамның цифрлық трансформациясы

2. Цифрлық педагогика және шетел тілін оқыту

3. Қазіргі жағдайдағы мәдениетаралық коммуникация

Конференцияның жұмыс тілдері-қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы, Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы, Мамбетова Мәншүк Құдайбергенқызы, Қондыбаева Руашан Жұмакерімқызы

РУДН шет тілдер институты, Мәскеу, Ресей Федерациясы

Безрукова Наталья Яковлевна

e-mail: bezroukova-n@rudn.ru

Ыстамбұл университетінің Әл-Фараби Еуразиялық зерттеу орталығы, Ыстамбұл, Түркия

Абдуллах Қызылжық, Сапашев Ораз Сапашұлы

e-mail: sapashevo@gmail.com (Сапашев Ораз)

Айтматов Академиясы, Лондон, Ұлыбритания

Әбдуәлиева Рахима Мұсақызы

e-mail: aitmatov.academy4@gmail.com

Халықаралық Тараз Инновациялық институты, Тараз, Қазақстан

Саурықов Ерболат Байұзақұлы, Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы

e-mail: karakoz17@mail.ru (Тамабаева Қаракөз Өмірзаққызы)

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: +7 708 9718260

 

 

 

 

 

Басылым күні :  23.05.2022