«Қазіргі филологияның өзекті мәселелері: теориялық мәселелер және қолданбалы аспектілері» атты XIV Бағызбаев оқулары

12.05.2023

Көрулер: 594

2023 жылдың 12 мамырында Академик Бағызбаева Мая Михайловнаға арналған «Қазіргі филологияның өзекті мәселелері: теориялық мәселелер және қолданбалы аспектілері» атты XIV Бағызбаев оқулары өткізілді. Биылғы іс-шара дөңгелек үстел форматында өтті. Іс-шараның мақсаты: «Қазіргі орыс филологиясының өзекті мәселелерін талқылау және Мая Михайловна Бағызбаеваның филологиялық мұрасын насихаттау».

Дөңгелек үстелге Ресей халықтар достығы университетінің орыс және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Коваленко Александр Георгиевич, Ресей халықтар достығы университетінің орыс және шетел әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Галай Карина Назировна, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аналитика және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушіс, ф.ғ.к., доцент Ананьева Светлана Викторовна және орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының ғалымдары Шаймерденова Н.Ж., Жақсылықов А.Ж., Абишева У.К., Жолдасбекова Б.У. қатысты. Дөңгелек үстел барысында заманауи филология мәселелері талқыланып, М.М. Бағызбаеваның ғылымдағы орны туралы баяндамалар жасалып, фильм көрсетілді.