"Қазіргі тілдік жағдайдағы орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері"

29.05.2023

Көрулер: 618

2023 жылдың 29 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде "Қазіргі тілдік жағдайдағы орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері" атты Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті. Модераторлар: филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Жамалбекқызы Шаймерденова, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы Аманжолова Джемма Болатқызы.

         Семинар жұмысына Ресейдің Тұңғыш Президенті Ельцин Б.Н. атындағы Орал федералды университеті делегациясының мүшелері филология ғылымдарының докторы, "Филология факультеті" департаментінің директоры, іргелі және қолданбалы лингвистика және мәтінтану кафедрасының профессоры Анна Михайловна Плотникова және филология ғылымдарының докторы, лингвистика департаментінің директоры, неміс филологиясының кафедра меңгерушісі Томберг Ольга Витальевна және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің оқытушылары мен кафедра меңгерушіcі қатысты.