"TED x"

17.04.2023

Көрулер: 501

Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары Маукеева А.О., Ысқақова А.Т., Оспан А.О. география факультетінің бірінші және екінші курс студенттерімен бірге «TED x» конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияның басты мақсаты студенттердің көшбасшылық және шешендік дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар инновациялық идеяларды ашу болды. Конференция барысында алты студент өз тақырыптары бойынша баяндама жасап, қорғады. Конференцияға факультеттің 1, 2 курс студенттерінен бөлек, механика, математика және география факультеттерінің оқытушылары Әузерхан Г.С., Байсейітов Д.А., Есенаманова Қ.Н., Меркібаев Т.А. да көрермен ретінде қатысты. Конференцияға шетелдік студенттер де қатысты.

Жалпы, конференцияға қатысушылар тарапынан көтерілген сан алуан ой-пікірлер тыңдаушыларды ойландырып қана қоймай, студенттердің өз пікірлерін еркін айтуға, көпшілік алдында өз ойларын ортаға салуға итермеледі, жасырын қабілеттерін жан-жақты ашуға септігін тигізді. Бұл конференция өз мақсатына толық жетті. Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, шешендік өнерін дамытуға, жаңа таланттарды ашуға, жаңашыл, тың идеяларды насихаттауға ықпал етеді.

Оспан А.О., Маукеева А.О., Ысқақова А.Т.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ