«Гендерлік теңдік»

11.03.2023

Көрулер: 858

Видео материалдарға сілтеме:

 

https://drive.google.com/drive/folders/1b4xeXcgkPasfYX1KEOGbqkDYfvdkP7mj?usp=sharing

2023 жылдың 11 наурызында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары А.Ж. Өтетілеуова мен А.К. Шаяхмет университеттің Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жобасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде «Гендерлік теңдік» бейнеконференциясын өткізді. Zoom платформасында онлайн түрде өткізілген іс-шараға шығыстану факультетінің бакалавриатында оқитын Қазақстан мен Қытай студенттері, сондай-ақ Хангкук шетел тілдері университеті мен Пусан ұлттық университетінің студенттері белсенді қатысты.


«Гендерлік теңдік – бүкіл әлемде «қызу» тақырып» (Батыр Төлеухан, Ердәулет Хакім, Ақбота Жанаділ, Алина Зикиряева, Саёра Расулова, Нұрсая Нұрланқызы), «Цифрлық әлемдегі гендерлік теңсіздік» (Айгерім Науанова), «Қазақстанның белгілі әйелдері» (Айсұлу Әбдірахман), «Оңтүстік Кореядағы гендерлік теңдік» (Лия Пак), «Саясаттағы әйелдер» (Жібек Бахытова), «Қазақстандағы гендерлік теңдік» (Дмитрий Васильев, Дана Шунимова, Анель Айбекова) тақырыптардағы топтық және жеке қызықты презентациялар ұсынылды. Талдау мен мысал, және де қызықты деректерге сүйенген шешендік өнерлі сөйлеу айтылды (Ақерке Қалмұхамбетова). Сонымен қатар кейбір даулы жағдайлар талқыланды (Талғат Жұмағазин, Сұлтанғали Құрасбек). Көптеген қатысушылар өздерінің фондық плакаттарымен қолдау білдірді. Қазіргі заманның өзекті тақырыбы ешкімді бей-жай қалдырмады.