Әлем тілдері
Көрулер: 1537
Әр оқу жылының басында шетел тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы жыл сайын 1 курс бакалавриат студенттерінің шет тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін оларды тестілеуден өткізеді. Соңғы жылдары Ковид-19 пандемиясына байланысты кафедра оқытушылары оқыту технологиясының жаңа түрлерін белсенді түрде қолдануда. Мысалы, студенттерді қашықтан тестілеу, онда олар лексикалық және грамматикалық тестті онлайн режимінде орындайды.
Биыл Google Forms форматында ағылшын тілінің деңгейін анықтауға арналған Placement Test жасалынды, оны белгілі уақыт аралығында толтыру қажет. Тестілеу нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған Экономика және бизнес жоғары мектебі бакалавриатының 1 курс студенттері «Әлем тілдері» тақырыбында эссе жазып, ауызша әңгімелесуден өтті. Сұхбат тақырыбы Қазақстандағы Тілдер күніне арналған университеттік тіл апталығына арналды.
Студенттерге Қазақстандағы үштілділіктің маңыздылығын айта отырып, мемлекет тарапынан Қазақстан халықтарының тілдерін оқып-үйрену және дамыту үшін жағдай мен қамқорлық жасалып жатқанын атап өтілді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының өз ана тілін пайдалануға, қарым-қатынас пен білім алуға әрі шығармашылық мақсатта тілін еркін таңдауға құқығы бар боп табылатын, барлық Қазақстан халықтарының ортақ мерекесіне айналған атаулы күн.
Ұйымдастырушылар: шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Махажанова Л.М., Кулжанбекова Г.К., Оразбекова И.Г., Тілеуғабылова З.А. және Халенова А.Р.






