«Фольклор және түркі халықтары әдебиетіндегі мифология»

30.12.2021

Көрулер: 1925

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доцент м.а., филология ғылымдарының кандидаты, Жамбыл атындағы «Қазақ фольклоры мен әдебиетін ғылыми-зерттеу орталығының» директоры А.А. Мауленовтің «Фольклор және түркі халықтары әдебиетіндегі мифология» атты монографиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан жарияланған Түркология саласындағы зор жетістіктері үшін тағайындалған «Күлтегін» атындағы сыйлыққа ие болды. Монография түп негізі шумерлерден бастау алған арғықазақ мифологиясының қазақ әдебиеті дамуының түрлі кезеңінде алған орны мен дәстүр жалғастығын жаңаша зерделеуге арналған.