АБАЙ ІЛІМІНДЕГІ БЕС АСЫЛ ЖӘНЕ БЕС ДҰШПАН ҰҒЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ «АБАЙ ІЛІМІ» пәні бойынша өткен брейнсторминг-сабақ (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай институты)
Көрулер: 2068
17 қараша 2021 жылы филология факультетінде «АБАЙ ІЛІМІ» пәні бойынша «Абай іліміндегі бес асыл және бес дұшпан ұғымдарының мәні мен қызметі» тақырыбында проблемалық дәріс және семинар сабақтары өтті. Пән оқытушысы, проф.м.а Л.Мұсалы сабақты брейнсторминг форматында ұйымдастырған.
Ойталқы-сабақ филология факультетінің «қазақ филологиясы», «әдебиеттану», «түркітану» мамандықтарының 1 курс студенттері арасында өткізілді. Сөйлеушілер абайтанушы ғалым Ж.Дәдебаевтың «Абайдың антропологизмі» зерттеу еңбегіндегі ғылыми ой-пікірлерге сүйене отырып, өз ойларын ғылыми тұрғыдан пайымдауға ұмтылды. Әр студент «асыл іс пен дұшпанға» өзіндік бағасын беріп, пікірлерін айтты.
Филология факультетінің «Қазақ филологиясы», «Әдебиеттану», «Түркітану», «Аударма ісі» мамандықтарының қазақ бөлімінің студенттері бұл сабаққа ерекше дайындықпен келген. Спикерлер мен сарапшылар «Бес асыл іс пен бес дұшпанның» әрқайсысына тоқталып, адам өміріндегі мән-маңызына түрлі мысалдар келтіріп, өз ойларын сенімді де дәлелді етіп жеткізді. 1 курс студенттері Ақназар Мағжан, Сайлаубай Аружан, Мирас, Амангелді, Дәметкен Шәріпханқызы, Аружан Тілеуберді т.б. сабақ үстінде ерекше белсенділік танытты.






