Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі
11.12.2020
Көрулер: 2168
Жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздік күні аталып өтіледі. 2020 жыл 11 желтоқсанында осы мемлекеттік мерекеге орай, ҚазҰУ-дың Шет тілдері кафедрасының доценті, ф.ғ.к Адилбаева У.Б., аға оқытушы Гайипова Г.А «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараға ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Студенттер «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» тақырыбына ағылшын тілінде онлайн презентациялар жасады. Бұл іс-шараның мақсаты - студенттерге еліміздің тәуелсіздігінің құнын түсінуді және оны бағалай білуді насихаттау.







