Жаналықтар

«Менің тілім және менің мәдениетім»

28.10.2022

28 қазан күні Медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Жалпы медицина, Cтоматология және Фармацевтика» мамандықтары бойынша оқитын шетелдік студенттер арасында «Менің тілім және менің мәдениетім» атты постер байқауы өтті.

Ары қарай оқу >>

«Функционалдық стилистика мен прагмалингвистиканың заманауи мәселелері»

27.10.2022

19 қыркүйек пен 14 қазан аралығында біліктілікті арттыру аясында Варминск-Мазур университетінің (Польша) профессоры А.К. Киклевичтің «Функционалдық стилистика мен прагмалингвистиканың заманауи мәселелері» тақырыбында 72 сағаттық дәрістер циклі өтті.

Ары қарай оқу >>

Егемен болмай, Ел болмас!

25.10.2022

2022 жылдың 25 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс, 204-топ студенттері мен қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен № 17 Студенттер үйінде Республика күні мерекесіне арналған «Егемен болмай, ел болмас!» атты әдеби-танымдық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты – Қазақстан Респубикасының ұлттық мерекесі Республика күнінің шығу тарихына назар аудару, ұлттық рәміздерді құрметтеуге, жас ұрпақты Отанын, туған жерін, туған елін қорғауға, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталады.

Ары қарай оқу >>

Адам Мицкевич Университетінің профессорының «Академиялық ағылшын тілінде ғылыми жұмысты қалай жазуға болады» тақырыбындағы дәрісі.

12.10.2022

   2022 жылдың 10 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің кітапханасында 304 аудиторияда профессор Кристофер Кортен «Ағылшын тілінде ғылыми жұмысты қалай жазу керек» тақырыбында филология факультетінің оқытушыларына, магистранттарына және докторанттарына алғашқы дәрісін жүргізді. Дәріс барысында ол аудиторияға қызықты ойларымен бөлісіп, ағылшын тілінде ғылыми жұмыстарды жазуға арналған пайдалы интернет көздерімен бөлісті. Дәріс соңында профессорға көптеген сұрақтар қойылды.

Ары қарай оқу >>

«Әуезов оқулары» байқау

30.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастырумен 2022 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым, академик М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған ӘУЕЗОВ АПТАЛЫҒЫ өткізілді. Апталықтың соңғы күнінде «Әуезов оқулары» атты көркем сөз оқу конкурсы өткізіліп, оған 1-4 курс студенттерінен құрылған 5 команда қатысты. Командалар өзара Әуезовтің шығармаларынан көркем сөз оқу, шығармашылығынан көрініс қою, викториналық сұрақтарға жауап беру бойынша сайысқа түсіп, жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Республикалық әдеби байқау

30.09.2022

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы медицина қызметкерлері арасында ұйымдастырылған Республикалық әдеби байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Байқау көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, педагог Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды.

Ары қарай оқу >>

"Аудармашы мәртебелі мамандық"

30.09.2022

Әль-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті,  филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында 30-шы қыркүйек күні аудармашылар күніне орай tarzhiman club-тың ұйымдастыруымен "Аудармашы мәртебелі мамандық"атты салтанатты іс-шарасы өтті.

Ары қарай оқу >>

Әуезов апталығы. М.О. Әуезовтың Үй-мұражайына бару

29.09.2022

"Әуезов апталығы" аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұжымы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына125 жыл толуына орай студенттерді жазушы өмірінің соңғы он жылын өткізген Әуезов мұражай-үйіне экскурсияға апарды. Кафедра оқытушылары мен студенттерді мұражай қызметкерлері қарсы алды. Мұражай гиді Салтанат ханым балаларға М.О.Әуезовтің өз қолымен отырғызған бағын көрсетіп, жазушының жүз жылдығына арнайы ашылған жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залын таныстырды. Көрме залынан шығып студенттер жазушының екі қабатты үйін аралады.  Студенттер жазушының өміріндегі қызықты әрі деректі дүниелермен танысып, М.О.Әуезов мұражай-үйіне жасаған экскурсиянан ерекше әсер алды.

Ары қарай оқу >>

«ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ»

28.09.2022

2022 жылы 28 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен көрнекті қаламгерлер М.Әуэзов, Ш.Мұртаза, О.Бөкеевтің туған күндеріне арналған «ПАРАСАТҚА ТАҒЗЫМ» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Ары қарай оқу >>