Әлемді өзгерткен таңғажайып кітаптар

25.10.2019

Көрулер: 2177

Бір сағатты ғана қамтыған аталмыш тәрбие сағатының мәні зор, маңызы орасан болды. Әлем классиктерінің кітаптары арқылы тың ойлар мен терең толғамдар, пайымды пікірлер айтылып, мәліметтер берілді.

Кафедра студенттері сол дәуірдегі Америка трагедиясын реалистік тұрғыда айқын бейнелеген Теодор Драйзердің «Америка трагедиясы», соңғы демі қалғанша абыройы үшін күрескен Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз», тіпті иесіз аралда жарты ғұмыры өткен Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» деген таңғажайып туындыларының сюжеттеріне талдау жүргізілді.

Тәрбиелік іс-шараға педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті Р.С.Қасымова қатысып, тәрбиелік шараның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына әдіс-тәсілдерді үйрете отырып, магистранттарға оқытудың және тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларын ұсынды.

 

 

                       Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасының п.ғ.к., доценті Р.С.Қасымова және

                       2 курс магистранттары Альмухаметова М.,Елғондинова А.,Ботобаева Ж.,Саяқбаева Г.,Тлеубаева Н.