«ҚАЗАҚ БАСПА ІСІ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ»

05.11.2019

Көрулер: 2097

           Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ұлттық рух ұясы» атты рухани апталықтың аясында 2019 жылдың қазан айының 31 жұлдызында Т.Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында «Қазақ баспа ісі: өткені мен бүгіні» атты алқасөз отырысы өтті.

Алқасөз барысында келер жылы алғашқы қазақ баспасы саналатын «Қазмембастың» құрылғанына 100 жыл толуына байланысты келелі мәселелер талқыланды. 1920 жылы 3 қарашада Қазақ АССР-і Орталық атқару комитетінің «Қазақ мемлекеттік баспасын құру туралы» декреті қабылданған болатын. Алғашқы қазақ баспасы құрылған бұл аса маңызды құндылыққа биыл – 99 жыл. Осыған орай, еліміздің белгілі баспагерлері мен қаламгерлері айтулы күнді атап өту мәселерін көтеріп, бүгінгі қазақ баспа ісінің жай-күйін сараптады.
           Қазақстан баспа ісі, кітап шығару мен тарату, кітапхана ісі секілді ең сүбелі дүниелерді қамтып, елімізде кітаптану ғылымын өрістетіп, кітап оқуды дамыту, электронды кітап жүйесін ілгерілету, авторлардың қаламақы мәселелерін шешу, жыл сайын дауға айналатын мектеп оқулықтарын шығаруды да бірізге түсіру т.б. көптеген көкейкесті мәселелер күн тәртібіне шығарылды.
         Алқасөз соңында арнайы қарар қабылданды.