Фотокөрме

28.10.2019

Көрулер: 2075

Журналистика факультетінің 85 жыл толуына орай өткізіліп жатқан "Ұлттық рух ұясы" атты апталықтың мәні зор, маңызы орасан. Аталмыш апталық аясында Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 2-курс магистранты Қанат Сырлыбаевтың фотокөрмесі өтті. Көрменің көрермен қауым үшін әсері зор болды. Себебі, қазіргі қоғамда өзекті әрі көкейкесті мәселелерді қозғап, қозғап қана қоймай, оның тигізер пайдасын,  зардабын сурет арқылы  менмұндалау - асқан шеберлікті қажет етеді. Ондай шеберлікті Қанат Сырлыбаевтың көрмесінен анық байқадық. Шараны Журналистика факультетінің деканы Cағатбек Медеубекұлы ашып, тұшымды ой, тұжырымды пікір айтты.  Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы көрмеден алған әсерімен бөлісті және көрмені ұйымдастырған аға оқытушы Жазира Әлімқұлқызына ерекше алғыс білдірді.

 

                                                                                                                                             А. Елғондинова