Кафедра филиалы

15.12.2019

Көрулер: 463

2019 жылдың желтоқсан айының 11 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер"кафедрасының "Қазақ энциклопедиясы" баспасынан филиалын ашу рәсімі өтті. Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы бастаған оқытушылар қауымы "Қазақ энциклопедиясы" баспасына барып, екіжақты келісімшартқа қол қойды. Филиалдың директоры болып "Қазақ энциклопедиясы" баспасының директоры Жадыра Тойбаева тағайындалды. Кафедраның филиалын ашудағы мақсаты - студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, жас ұрпақтың білікті маман болып қалыптасуына жол ашу. Білікті редакторларды, сауатты корректорларды, шебер беттеушілерді университет қабырғасынан дайындап шығару. Сонымен қатар, бұл бас қосуда баспа ісінің өзекті мәселелері талқыға салынды.

Сонымен бірге, келесі күні, яғни желтоқсанның 12 жұлдызында Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ҚР Ұлттық кітап палатасынан тағы бір филиалы ашылды. Белгілі ақын Алмас Ахметбек «Көк тудың желбірегені» атты қуатты да мазмұнды өлеңін оқып, жиналған жұртты бір серпіндіріп тастады. Содан кейін ҚР Ұлттық кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы екіжақты келісімшартқа қол қойды. Тәуелсіздік мейрамымен тұспа-тұс келген филиалдың ашылу рәсімін ҚР Ұлттық кітап палатасы ұжымы ұлттық рәміздерді ұлықтаудан бастады.

 

Рамазан Айгүл

Баспагерлік-редакторлық және

дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі