Қос жақты келісім

12.10.2019

Көрулер: 1925

Бүгін, 12.10.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Түркияның Мармара университеті әріптестік жөніндегі меморандумға отырды және қосдипломдық бағдарлама аясында дизайн мамандығы бойынша білім беру жөнінде келісімге келді.

Қол қою рәсіміне біздің тараптан ҚазҰУ-дың Коммерциализация жөніндегі проректоры Мехмет Арслан, Мармара университетінен Халықаралық байланыстар және академиялық әріптестік жөніндегі директоры Нури Тиназ қол қойды.

Журналистика факультетінде өткен шараға Деканның орынбасары Айгерім Болатханқызы Әлжанова мен Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі Айгүл Әмірғалиқызы Рамазан бастаған ұстаздар қауымы мен студенттер қатысты.
Шара соңында Айгүл Әмірғалиқызы келген қонақтарды дизайн студияларымен таныстырып, мәртебелі мейманға Бәйтерек кәдесыйын тарту етсе, өз кезегінде Нури мырза Мармара университетінің логотипі бар сыйлықтарды кафедра ұстаздарына табыстады.