Жаңалықтар

Журналист, ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 90 жыл

18.11.2020

18.09.2020 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен журналист, ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Бұқаралық ақпарат құралдарын және баспа өнімдерін безендіру өнерінің қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік гибрид-онлайн конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

БИБЛИОГРАФ-ҒАЛЫМ, БАСПАГЕР, РЕДАКТОР ҚОҢЫР МҰҚАТАЙҚЫЗЫНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

18.11.2020

13 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде белгілі баспа ісі және полиграфия саласының қайраткері, библиограф-ғалым, баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер  кафедрасының доценті Қоңыр Мұқатаеваның 70 жылдығына арналған «Баспа, полиграфия және web-технологиялар жүйесін оқыту-зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. 

Ары қарай оқу >>

НҰРБОЛ ЖАУЫНБАЕВ – БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

15.11.2020

2020 жыл «Абай жылы» ретінде есте қалғаны анық. Хакімнің мерейтойына еліміздегі жоғары оқу орындары түгел дерлік атсалысып, бірі ғылыми конференция өткізсе, бірі Абай мұраларын ән кештерімен дәріптеді. Осындай бағытта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен «Өлең-сөздің патшасы» атты республикалық жас ақындар айтысында «баспа ісі» мамандығының студенті Нұрбол Жауынбаев бас жүлде иеленіп, мерейімізді асырды.

Ары қарай оқу >>

БІЗДІҢ ӘЗІМБЕК ҮЗДІК ШЫҚТЫ

15.10.2020

2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен магистранттар арасында ұйымдастырылған «Абай әлемі» үздік ғылыми жұмыс байқауында «Баспа ісі» мамандығының студенті Әзімбек Қойлыбай жеңімпаз боп танылды. 

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері қазақ ертегісіне құралған ертегі кітаптарын жарыққа шығарды

23.12.2019

ҚазҰУ-дың баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері қазақ ертегісіне құралған ертегі кітаптарын жарыққа шығарды. Бұл студенттерге көктемгі семестрге берілген тапсырма болған. Нәтижесінде студенттер балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған түрлі-түсті ертегі кітаптарын өздерінің бейнелеу өнеріндегі шеберліктерімен салып шыққан. Ұстаздары да жоғары бағалап, емтихан барысында үлгілі санатқа ие болды.


Ары қарай оқу >>

Кафедра филиалы

15.12.2019

2019 жылдың желтоқсан айының 11 жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер"кафедрасының "Қазақ энциклопедиясы" баспасынан филиалын ашу рәсімі өтті. Журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы бастаған оқытушылар қауымы "Қазақ энциклопедиясы" баспасына барып, екіжақты келісімшартқа қол қойды.

Ары қарай оқу >>

«ҚАЗАҚ БАСПА ІСІ: ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ»

05.11.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен, «Ұлттық рух ұясы» атты рухани апталықтың аясында 2019 жылдың қазан айының 31 жұлдызында Т.Қожакеев атындағы №230 мәжіліс залында «Қазақ баспа ісі: өткені мен бүгіні» атты алқасөз отырысы өтті.

Ары қарай оқу >>

Фотокөрме

28.10.2019

Журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Ұлттық рух ұясы" апталығы аясында Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының 2-курс магистранты Қанат Сырлыбаевтың "Ақ пен Қара" атты жеке көрмесі ашылды.

Ары қарай оқу >>