Германияның Алматы қаласындағы Бас консулы Марио-Инго Зоос факультетте

17.02.2023

Көрулер: 661

17 ақпан күні сағат 11:30-да халықаралық қатынастар факультетінде Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Марио-Инго Зоостың «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан-Германия қарым-қатынастары» тақырыбындағы жария дәрісі өтті. Дипломат жария дәрісі барысында Қазақстан мен Германия Федеравтивтік Республикасы арасындағы 30 жылдық  қарым-қатынастардың даму бағыттары мен нәтижелерін атап өтті. Сонымен қатар, Бас консул Германияның екі ел қарым-қатынасындағы мүдделері жайлы сөз қозғап, алдағы уақытта қай бағытта дамитындығына өзіндік дербес болжам жасады. Жария дәріс соңы Бас консул мен студенттер арасында шағын ой талқы форматына ауысты. Факультет жас ғалымдары мен білім алушылары дәріс тақырыбы аясында Бас консулдан өздерін қызықтырған сауалдарға толық жауап ала алды.