Тіл – бұл халық тарихының нағыз шежіресі

15.10.2021

Көрулер: 1568

2021 жылдың 07 ші қазан күні халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан халықтарының тілдері Күні мерекесіне арналған "Тіл – бұл халық тарихының нағыз шежіресі" атты студенттік тілдер фестивалі өткізілді.

Студенттік фестивальдің мақсаты-студенттердің тілге деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын тәрбиелеу, олардың лингвистикалық және елтанушылық ой-өрісін кеңейту, шығармашылық және сөйлеу қабілеттерін дамыту, сондай-ақ тілдерді үйренуге ынталандыру болып табылады. Фестивальге жеті команда қатысты, олардың әрқайсысы өз оқитын тілінде өнер көрсетті, яғни ағылшын, француз, неміс, итальян, испан, қытай, араб тілдерінде. Неміс тілі командасының атынан "Халықаралық қатынастар" мамандығының 3 курс студенттері қатысып, келесі нөмірлер бойынша өнер көрсетті:

1.Презентация(слайд)-Серікқазинов Айдар және Рашидова Саида;

2.Музыкалық номер, ән-Perfekt-Молдакерім Ақзер;

3.Шығармашылық нөмір, өлең оқу-Абдуазимова Дана;

4.Эрудит " интерактивті викторина сұрақтары-Кусаинова Айгерім;

5.Мәдени бұрыш: "Германия Алматыда" фотокөрмесі - Назарқасым Әсем және Елшібек Данияр.

Фестиваль қорытындысы бойынша әр номинация бойынша жеңімпаздар жарияланып, грамоталармен марапатталды. Презентация (слайд) нөмері бойынша - Айдар Серікқазинов пен Саида Рашидова 1-орынды иеленсе, музыкалық нөмірде Молдакерім Ақзер 2-орынды иеленді.Жалпы, барлық командалар мен студенттер жақсы дайындық пен тіл білімін көрсетті. Фестиваль өте қызықты және мазмұнды өтті.