«Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтары (азаматтық және саяси құқықтар) саласындағы халықаралық шарттар нормаларын имплементациялау» тақырыбына вебинар
Көрулер: 2413
2018 жылғы 21 қыркүйегінде Заңнама институты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысуымен «Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтары (азаматтық және саяси құқықтар) саласындағы халықаралық шарттар нормаларын имплементациялау» тақырыбына вебинар өткізді. Вебинарлың мақсатты аудиториясы болып ЕҰУ мен ҚазҰУ-нің «Халықаралық құқық» мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары болды. Вебинар аясында азаматтық және саяси құқықтардың әр түрлі аспектілері қарастырылды: адам құқықтары саласындағы негізгі құжаттардың пайда болу тарихынан бастап, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау болып табылады. Вебинар тақырыбы аудиторияның назарын аударып, ЕҰУ мен ҚазҰУ студенттері азаматтықтан айырылу, Адам құқықтары бойынша Еуропалық сотының тәжірибесі, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар, ЕАЭО кеңістігінде адам құқықтары тізбесін жасау және т.б. тақырыптарға байланысты сұрақтарын қойды. Вебинардың аяқталуы бойынша пікір алмасу және қорытындылар жасалынды.






