Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Көрулер: 2303
8 қараша күні Халықаралық қатынастар факультетінде Халықаралық құқық кафедрасының оқытушысының ұйымдастыруымен және «Әлемдік экономика» мамандығының қазақ тобының 1-курс магистранттарының қатысуымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты іс-шара болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлық атты құбылысты, оның пайда болуының себептері мен белең алуына әсер етуші факторларды танып білудегі магистранттардың теориялық білімдерін тереңдету. Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу біліктілігін арттыру. Магистранттардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарды қалыптастыру.
Күннің басты тақырыбы «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін ашу болды. Сыбайлас жемқорлықтың түрлері, кемшіл тұстары, оның Қазақстандағы көрінісі мен онымен күресудің шетелдік тәжірибесі қарастырылды. Оқытушылар құрамы сұрақтар қойып, магистранттар пікірталас ұйымдастырды. Олар Қазақстан Үкіметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға ауқымды күш-жігер жұмсап жатқандығын да атап өтті.






