Алыс, жақын Аустралия

20.11.2018

Көрулер: 2658

2018 жылдың 20 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде университет ұжымы және студенттері Қазақстан Республикасындағы Аустралия елшілігінің өкілдерімен: Елшіліктің бірінші хатшысы Дион Холпаякпен, сауда және инвестициялар жөніндегі австралиялық комиссияның (Austrade) бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджері Нина Митропальскаямен және Аустралияның Мәскеудегі Елшілігінің сарапшысы Наталья Чудиновскихпен кездесті. Кездесу Австралия елшілігінің бастамасымен ұсынылды. Аустралия елшілігінің өкілдері университеттің қызметімен танысып, университеттің әлемдік рейтингтерде жетістіктерімен, университет кампусының даму үдерісімен және университеттің халықаралық ынтымақтастығымен тамсанды.

Аустралия елшілігінің бірінші хатшысы Дион Холпайк халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне «Аустралия қазіргі әлемде» атты дәріс оқыды. Студенттер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, қазіргі кезеңдегі Аустралияның сыртқы саясаты және біздің мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастардағы өзекті мәселелер жөнінде көптеген сұрақтар қойды.

Дайон Холпайк мырза студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейінің жоғарылығын және қазіргі Аустралия мен әлемдік саясат жөнінде білімдерінің жоғарылығын атап өтті.

Кездесу барысында жақын болашақта Аустралия университеттері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында жаратылыстану және гуманитарлық білімдер саласында ынтымақтастықты тереңдету және қос дипломды бағдарламаларға қол жеткізу мәселелері алға қойылды.