Француз тілі фестивалі
27.04.2018Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да 27 сәуір 2018ж. («Le printemps à la française»)"Француз көктемі" –атты мерекелік іс-шара өтті.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да 27 сәуір 2018ж. («Le printemps à la française»)"Француз көктемі" –атты мерекелік іс-шара өтті.
2018 жылдың 23-ші сәуірінде ғылыми кеңестің залында “Naurys Fest 2018” өтті, оған 7 команда қатысты.
Наурыз –шығыс елдерінің бүкілхалықтық мерекесі. Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл басы ретінде тойланады. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін ерекше бағалайды, жыл сайын атап өтеді. Дипломатиялық аударма кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінде 23.04.2018 ж., сағат 16.00 "НАУРЫЗ FEST" -атты іс-шара өткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрамасы халықаралық құқық бойынша Республикалық олимпиадада 3-орынға ие болды!
Ресей және басқа да елдердің жоғары білім 40-тан астам мекемелері және 400-ге жуық заңгерлер мен ғалымдар қатысатын «Блещенков оқулары» халықаралық конгресі.
Студенттер сарайында салтанатты жағдайда ректордың дипломымен және ақшалай сыйлығымен Карапетян Элина төртінші курс студентті марапатталды.
Халықаралық құқық кафедрасының студенттері У. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткен Start-up байқауында өз жобаларын ұсынды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Университеттердің әлеуметтік жауапкершілік желісі» (USRN) беделді ұйымының мүшесі атанды. Халықаралық ұйым Манчестер және Кембридж университеттері (Ұлыбритания), Пекин университеті (ҚХР), Гонконг политехникалық университеті, Вашингтон университеті (АҚШ), Сан-Паулу университеті (Бразилия) сынды танымал ЖОО-ларды біріктіреді.
2018 жылғы 11 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Халықаралық қатынастар факультетінде V Халықаралық Фараби Оқулары аясында «Нәзір Төреқұлов - қазақтың тұңғыш кәсіби дипломаты" атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді ашқан модератор А.Р.Әліпбаев кезекті "Фараби әлеміне" қатысушылардың жұмысына сәттілік тілей отырып, дөңгелек үстелдің құрметті қонағы, "Нәзір Төреқұлов" халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, э.ғ.д., профессор Ә.Ж.Сапарбаевты таныстырды. Сонымен бірге факультет деканының орынбасары Д.Қ.Жекеновтың, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценттері Б.З.Бюжеева мен Б.М.Балаубаеваның қатысып отырғандығын хабарлады. Дөңгелек үстел "Нәзір Төреқұлов" атында дайындалынып жатқан мәжіліс залында өткізілді. Факультетте білім алып жатқан халықаралық қатынастар, аймақтану және әлемдік экономика мамандығының 50 жуық студенттері қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты кеңестік кезеңде қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дипломат - Нәзір Төреқұловтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтермен бөлісіп, ұлы тұлғаның ғибратты өмірін насихаттау.
Д.Қ.Жекенов дөңгелек үстелге қатысушыларға бүгінгі талдауға алынған тақырыптың өзектілігін дәйектей келе, пікір алмасудың нәтижелі болуын тіледі. Профессор Ә.Ж.Сапарбаевтың алғы сөзінен кейін, 2017 жылы жарыққа шыққан қысқа көлемді "Нәзірдің жарық жұлдызы" атты танымдық деректі фильм таныстырылды.
"Студенттік дипмиссия" және "Жас дипломаттар" үйірмесінің студенттері: Әбікенова А., Батталова А., Мұратаева К., Тарғын А., Амандықова М., Қыдырәлина Д., Боранова Ұ., Жексенова А. Нәзір Төреқұлов туралы қысқаша баяндама жасады. Қатысушылар пікір алмасудан кейін Нәзір Төреқұлов туралы студенттер арасында танымдық насихатты арттыра түсу қажеттілігін, болашақта ынталандыру шараларын қарастыруды және осы шараны жылда өткізуді шешті.
Соңында қатысушылар естелікке суреттерге түсті.
2018 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласында Литва Республикасының Бас консулдығының Басшысы Дарий Виткаускас мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары проф.М.Ш. Губайдуллина , доцент Л.Т. Исова және доцент м.а. А.Т. Кульбаевамен кездесті.