Шақырылған сарапшылардың қатысуымен: Мауль Т.А. және Дуйсенгалиев А.Ж., өткізілген мастер-класс және дәріс форматындағы ашық тәрбиелік іс-шара

06.03.2024

Көрулер: 140

 

1) «Биофизикалық әдістердің көмегімен психоэмоционалды күйлерді теңдестіру және үйлесімді ету» тақырыбындағы «Психология» ББ студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына арналған психология магистрі, Шығыс медицинасы магистрі, альтернативті медицина докторы, Халықаралық альтернативті медицина университетінің (Шри Ланка, Коломбо) канцлері, адамның биоплазмалық денесін сауықтыру Халықаралық орталығының директоры, Иерусалимдік Әулие Иоанн Рыцарьдың (Рыцари милосердия) экуменикалық медико-гуматинарлы орденінің рыцарьі Мауль Татьяна Александровнадан мастер-класс. Сабақ барысында: биолокациялық диагностика, бір қатар психикалық және психологиялық күйлермен жұмыс жасаудың авторлық бағдарламалары ұсынылды. Мастер-класс жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді, қатысушыларға өзінің жаңалығымен және қолданбалы аспектісімен, спикердің аса тартымдылығымен өте қатты ұнады.

 

 

 

Сонымен қатар Мауль Татьяна Александровна жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен адамның биоплазмалық денесі сферасында зерттеулер жүргізу мақсаттарында ары қарайғы серіктестікке дайын екенін айтты.

2) «Йога психологиясы» тақырыбындағы «Психология» ББ студенттеріне, магистранттар мен докторанттарына арналған медитацияның сертификатты мұғалімі, ITMA (медитация мұғалімдерінің халықаралық ассоциациясы) мүшесі, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы аймақтық ITMA директоры Дүйсенгалиев Айдын Жоламановичтің дәрісі. Спикер жариялы түрде зерттеуге жақында ғана ашылған, жеткілікті көне атма-медитация технологиясын ұсынды. Дәріс барысында мынадай тақырыптар талқыланды: медитациялық практикалардың негіздері мен түрлері, олардың психикамен өзара байланысы, адамды сауықтыру аспектісіндегі және бір қатар жағымсыз күйлердің профилактикасындағы йоганың практикалық пайдасы клиенттермен және пациенттермен жұмыс жасаудың жеке тәжірибесінен алынған мысалдар арқылы түсіндірілді. Дәрісті білім алушылар мазмұндылығы, практикалық құндылығы үшін, сондай-ақ спикердің эмоциялық тартымдылығы және аудиториямен диалог жүргізе алу қабілеті арқасында жағымды бағалады.

 

 

Іс-шараны ұйымдастырушы, әрі модератор: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Кабакова М.П.

Жауаптылар: профессор Бердібаева С.К., 1-курс докторант Муса Қ.М., 1-курс магистрант Манарбекова Ж.К.