Рухани келісім – орнықты даму кепілі

18.10.2023

Көрулер: 317

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары, «Дінтану» мамандығының студентері Алматы қаласындағы діни бірлестіктердің жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасып, Қазақстан мемлекетінің Орнықты даму мақсаттары бойынша жүргізетін саясатының негізгі қағидаларының бірі «Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы» турасында ойларын ортаға салып, діни бірлестіктердің осы бағытта жасалып жатқан шараларымен танысты.

Кездесуге арнайы шақырылған Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Әбішев Қуаныш, Вознесенский соборының діни қызметкері, диакон Роман Караман, Алматыдағы Кришна санасы қоғамының жергілікті діни бірлестігінің төрағасы Голоус Виктор Иванович, Жетінші күн адвентистері шіркеуінің басшысы Павелео Данил Даниилович, Карма Кагью дәстүрін ұстанатын буддист Сандыбаев Берик Темирбаевич қатысты.

Бұл кездесудің ерекшелігі әр конфессия өкілдері өз дінінің негізгі қағидаларын еліміздің зайырлы саясатымен тығыз байланыста айтып берді. Әсіресе, 18 қазан Рухани келісім күнінің тек Қазақстан жерінде аталып өтілетінін және де бұл мереке Қазақстандағы барлық этностар мен діндердің бірлігі мен ынтымағының кепілі екеніне назар аударды.

Студенттер әр конфессия лидерлеріне жеке діни сенім мәселесінен бастап, қоғамдағы діни жағдайларға дейін түрлі сұрақтар қойды. Қонақтардың шыншыл және діни сауатты жауаптарын студенттер қызыға тыңдады.

Құрманалиева А.Д., дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі

Борбасова Қ.М. Қаңтарбаева Ж.О., дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары