«Europe and Asia: Cultural Diplomacy and Geopolitics of the EU» қос дипломдық магистрлік бағдарлама бойынша магистрлік диссертацияларды қорғау (Климент Орхидский атындағы София университетіен бірлесіп)

18.06.2020

Көрулер: 1741

Бұл бағдарлама бойынша 2019 жылы алғаш рет «6М020600-Дінтану (СУ, Болгария)», «6М020400-Мәдениеттану (СУ, Болгария)» мамандықтары бойынша магистранттар қос дипломға ие болған. Магистрлік диссертацияны қорғауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Климент Орхидский атындағы София университеттері тарапынан 2 аттестациялық комиссия қатысты. Комиссия құрамына философия және саясаттану факультеті деканы, профессор Масалимова А.Р., дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы меңгерушісі, профессор Г.О. Насимова, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент м. а. Б.К. Рахимбекова, PhD, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгерушісінің орынбасары Н.К. Альджанова; сондай-ақ София университетінің профессорлары: Мария Стойчева – докторлық мектеп пен халықаралық қызмет бойынша функционалды ректоры; профессор Мадлен Данова – классикалық және жаңа филология факультетінің деканы; профессор Петр Стоянов, доцент Боян Кулов, аға оқытушы Мира Канева кірді. Магистрлік диссертацияны қорғау сәтті өтті, магистранттар өз зерттеулерінің жоғары деңгейін көрсетті. Енді олар қазақстандық және Еуропалық үлгідегі екі дипломға ие болды!

Бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары үшін ерекше мүмкіндік! Білім беру біліктілігін алған «магистр» бұл бағдарламада дипломатия және сыртқы саясат саласында, ұлттық және халықаралық дипломатиялық және мәдени мекемелерде, халықаралық ұйымдар мен мекемелерде, Еуропалық Одақтың комиссиялары мен ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, ҮЕҰ-да, сараптау орталықтарында және академиялық институттарда сарапшы ретінде мансаптық дамуды таба алады.

Табыс жолында «болашақ» магистрлеріне сәттілік тілейміз!