Алматы телеарнасына сұхбат

10.02.2019

Көрулер: 1894

Алматыдағы ең үлкен «Саяхат» және «Сайран» автобекеттері Кеңес Одағының кезінде бой көтерген. «Саяхат» 1963 жылы салынса, «Сайран» 1976 жылдан бері халыққа қызмет етіп келеді.

Сайран» халықаралық автобекеті жолаушыларды тасымалдау бойынша жұмысын 1983 жылы бастады. Күн сайын мұнда 2500-3000 адамды қамтитын 260 автобус келіп кетеді. «Сайран» автобекеті – Қазақстан Республикасының барлық қалаларына, жақын және алыс шет елдерге қатынайтын автобустар орталығы.

Автобекетте 51 маршрут, оның ішінде 4 халықаралық, 27 облысаралық және 20 қала маңындағы маршруттар халыққа қызмет көрсетеді.

Бекетте ана мен баланың бөлмесі, сақтау камерасы (тәулік бойы), қонақ үй, кафе, темір жол билеттерін сату кассасы, айырбастау пункті, компьютерлік клубы, химиялық тазалау, кір жуатын бөлме және душ кабиналары бар.