Жастар және БАҚ: жаңғыру бағыттары

14.02.2018

Көрулер: 4465

Вебинарға Ресей мемлекетінің Тұнғыш президенті Б.Н. Ельциннің атындағы УрФУ, Башқұрт мемлекеттік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, И.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Е.И. Букетов атындағы ҚарМУ студенттері мен магистранттары қатысты. Бұл студенттер арасындағы мәдениеттердің диалогының жаңа нұсқасы болды. Қазақстан мен Ресей елдерінің өзіндік мәдениеттерінің сақтау жолдары, олардың жаһандану үдерісіне қосылу жолдары қарастырылды. Іс-шараның Ғашықтар күніне орай өткізілуі де кездейсоқ жайт емес, бұл мемлекеттік мерекелердің жастардың қолында екендігінің белгісі. Танымал xалықаралық құбылыстар ұлттық мерекелерді шеттетіп жіберуі мүмкіндігі жоғары. Дөнгелек үстел аясында: Қандай ұлттық дәстүрлер, өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді жоғалтпай, жаһандануға жол ашып, әлеуметтік жаңғыруға ол ашу мәселелері қарастырылды. Маметбакиева Наргиз: "Жаңа ұрпақ: бақытқа жетудің жолы қандай?" атты тақырыпты, Байбатырова Жұлдыз танымал әлеуметтік желілердің және блогерлар туралы зерттеуді қарастырды. Петров Акиф БАҚ-ғы еркіндік пен цензура туралы, Дураченко Галина жаһандану мен ұлттық дәстүр туралы, Мурзатаева Аяна жастардың жаңа белсендігінің түрі-еріктілік жайлы сөз қозғады. Соңында модератор Б.Н. Қылышбаевв нәтижелерді қортындылады. Барлық қатысушылар ақпараттың сыни бағалауы мен белсенді азаматтық ұстаным қоғамдық сананың жанғыруына әкеледі деген ойға келді.