Жаңалықтар

«Салауатты дене мәдениеті» жобасының аясында іс-шара

01.10.2017

2017 жылғы 1 қазанда Саясаттану және философия факультеті «Саясаттану» бөлімінің студенттері «Салауатты дене мәдениеті» жобасының аясында № 9 Студенттер үйінде үстел теннисінен сайыс өткізеді. Ұйымдастырушы – с.ғ.д., Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры Мұсатаев С.Ш.

Іс-шара өтетін орын мен уақыты: 2017 жылғы 1 қазан, сағат 19.00, Саясаттану және философия факультетінің № 9 Студенттер үйі.

Ары қарай оқу >>

«Тіл мерекесіне» орай іс-шара

21.09.2017

2017 жылғы 21 қыркүйекте Саясаттану және философия факультеті «Саясаттану» бөлімінің 3 курс студенттері «Тіл мерекесіне» орай «Қазақстандағы латын әліпбиін ендіру» тақырыбында іс-шара өткізеді. Топ кураторы – с.ғ.д., Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры Мұсатаев С.Ш.

Іс-шара өтетін орын мен уақыты: 2017 жылғы 21 қыркүйек, сағат 13.00, Саясаттану және философия факультеті оқу ғимаратының 119-аудиториясы.

Ары қарай оқу >>

Жұмбақ жасыру сайысы

20.09.2017

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы "Тіл"  мерекесіне орай жұмбақ жасырудан сайыс  өткізеді. Студенттер 3 тілде жұмбақ жасырудан жарысатын болады. Осынау іс-шараның мақсаты үш тілділікті дамыту және халық ауыз әдебиеті құндылығын дәріптеу болып табылады.

Өткізілетін күні, уақыты:20.09.2017 ж., 12:00

Жауапты оқытушы: Мухитденова А.Т.

Ары қарай оқу >>

Мақал-мәтелдер сайысы

20.09.2017

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы "Тіл"  мерекесіне орай "Мақал-мәтелдер" сайысын өткізеді. Бұл сайыс ұлттық ауыз әдебиетіміздің құндылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында өткізіледі.

Өткізілетін күні, уақыты:20.09.2017 ж., 11:00

Жауапты оқытушы: Камалдинова А.А.

Ары қарай оқу >>

"Әлем әдебиетіндегі поэзияның орны"

20.09.2017

"Әлем әдебиетіндегі поэзияның орны"

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы "Тіл"  мерекесіне орай "Әлем әдебиетіндегі поэзияның орны" атты тәрбие сағатын өткізеді. Тәрбие сағаты саясаттану мамандығының 1 курс студенттері арасында өтеді.

Өткізілетін күні, уақыты:20.09.2017 ж., 13:00

Жауапты оқытушы: Абжаппарова А.А.

Ары қарай оқу >>

«Салауатты дене мәдениеті» жобасы аясында

17.09.2017

2017 жылғы 17 қыркүйекте сағат 8.00 Саясаттану және философия факультеті Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен «Салауатты дене мәдениеті» жобасының аясында, 20-қыркүйек - Халықаралық студенттік күніне орай велошеру өтеді. Іс-шара факультет деңгейінде өтеді.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ тілінде сөйлейік" акциясы

14.09.2017

Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы "Тіл" мерекесіне орай "Қазақ тілінде сөйлейік" акциясын жариялайды. Бұл шара мемлекеттік тіліміз-қазақ тілін қолдау мақсатын жасалып отыр. Кез-келген жан бұл акцияға ат салыса алады. Өткізілетін мерзімі: 14.09.2017-21.09.2017 ж. аралығы. Жауапты оқытушы: Мұсатаев С.Ш.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ академиялық саясаты және магистратурадағы оқу үдерісін ұйымдастыру»

08.09.2017

8 қыркүйек, сағат 10:00-де «ҚазҰУ академиялық саясаты және магистратурадағы оқу үдерісін ұйымдастыру» атты тәрбиелік іс-шара өткізіледі.

Өткізілетін орны: саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, 404 каб. Жауапты: доцент Саитова Н.А.

Ары қарай оқу >>