«100 кітап» жобасы аясында іс-шара

14.09.2017

Көрулер: 3715

2017 жылғы 14 қыркүйекте сағат 13.00 Халықаралық қатынастар факультеті оқу ғимаратының 329-аудиториясында Саясаттану және философия факультеті «Саясаттану» бөлімінің 3 курс студенттері «100 кітап» жобасы аясында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың өлеңдері мен шығармаларын оқып талқылайды. Іс-шарадан соң танымал ғалым-саясаткер Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне бару жоспарланған (Алматы қ., Байтұрсынов даңғылы 60).

Топ кураторы – с.ғ.д., Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры Мұсатаев С.Ш.

Алаш қайраткерлерінің саяси ойларына қызығушылық танытушыларға есік ашық.