«Introduction to reduced representation genomic library approaches; the restriction-site associated DNA sequencing (RAD-SEG) and its application»

02.05.2023

Көрулер: 664

2023 жылдың 11 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Дебрецен университетінің ботаника кафедрасының өсімдіктер филогенезін зерттеу тобының жетекшісі, доктор Габор Шрамко әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында болды. Сапар Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында Дебрецен университеті (Дебрецен қ., Венгрия) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өтті (Алматы қ., Қазақстан). Оқу барысында доктор Габор Шрамко дәрістер оқыды және бакалаврларға, магистранттарға және биологиялық профиль докторанттарына «Introduction to reduced representation genomic library approaches; the restriction-site associated DNA sequencing (RAD-SEG) and its application» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz