Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды.

21.03.2023

Көрулер: 416

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі «Жаңа Қазақстан: ұлтты ұйыстыратын құндылықтар» атты мерекелік бағдарламасы бойынша өткізілді. Бұл мерекеге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, факультет ардагерлері, ҚазҰУ оқытушылары және студенттері қатысты. Осы 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін жаңаша форматта өткізді. Ерекшеліктерге келетін болсақ: осы жылы келген қонақтар тек қана той тойлап, қарын тойғызып қана қоймай әртүрлі құндылықтарды дәріптеп ұлттық ойындар мен бірінен бірі өткен көрмелер ұйымдастырды. Сол көрмелер ішінде Биология және Биотехнология факультеті де кішігірім өз көрмесін ұсынды. Биологтар киіз үйінің алдына түрлі түсті бөлме гүлдері қойылды және екінші жағына Биология факультетінің мақтанышы Биология муражайынан алып келінген жануарлар тұлыптары қойылып, бүркітші мен бүркіт алып келінді. Біздің кішігірім көрмеміз келген қонақтарды қуантты. Факультетіміздің өнерлі студенттері ұлттық аспаптарда ойнап күй тартып, ән салды. Ал, Иран, Үндістан, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты алыс-жақын шетелдерден келген студенттіріміз өз өнерлерін ортаға салып кезек кезек би билеп ортаны қыздырды. Қазақ елі наурыз мерекесі құтты болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш, бейбітшілік заман болсын.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының

аға оқытушысы Джумаханова Г.Б.


 


Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz