Құттықтаймыз

17.02.2023

Көрулер: 633

2023 жылдың ақпан айының 17-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Шарахметов Саят Ермұханбетұлының «8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін үшін ұсынылған «Алакөл бассейніндегі балықтардың қауымдастығы және олардың популяцияларының жағдайы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Бұл осы мамандық бойынша Республика аймағында қорғалған тұңғыш диссертация.

Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Мамилов Надир Шамилевич және шетелдік ғылыми жетекшісі РҒА «И.Д. Папанин атындағы Ішкі суқоймалар биологиясы институтының» жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к., Лёвин Борис Александрович (Борок, Ресей) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес құрамы диссертациялық жұмысты өте жоғары бағалап, Саят Ермұханбетұлы Шарахметовке бірауыздан философия докторы (PhD) дәрежесін беруге шешім қабылдады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы С.Е. Шарахметовты және ғылыми жетекшілерін құттықтап, шығармашылық табыстар мен өркендеуді тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz