Ғылыми-зерттеу институттарының Қазақстанның жоғары оқу орындарымен интеграциясы: студенттердің жұмыс берушілермен кездесуі

06.04.2022

Көрулер: 1165

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен ғылыми-зерттеу институттарын жоғары оқу орындарымен интеграциялау бағдарламасы аясында 2022 жылдың 5 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен директор, биология ғылымдарының докторы, профессор Жамбакин Қ.Ж. бастаған Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының (ӨББИ) қызметкерлерінің.арасында кездесу өтті.

Биология және биотехнология факультетінің «6В050103 Биотехнология-НЗМ» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттері биотехнология кафедрасының доценті, б.ғ.к. Тұрашева С.Қ. жетекшілігімен зертханаларды аралап, институт ғалымдарының қызметімен танысты. Болашақ жұмыс берушілермен кездесу барысында студенттер институт қызметінің бағыттары, ғылымның қазіргі жағдайы, ғылыми жобалар, шетелдік ғылыми орталықтардың әріптестерімен бірлескен халықаралық жобалар туралы ақпарат алды. Студенттерге зертханалардың жетістіктері, ғылыми әзірлемелер, патенттер, ғылыми жобаларды коммерцияландыру және институт зертханаларында алынған биотехнологиялық өнімдер туралы айтылды.

«Биотехнология-НЗМ» БББ 2 курс студенттері мен БББ координаторы б.ғ.к., доцент С.К.Турашева Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ж.Жамбакинмен кездесуі

 

Студенттер өсімдіктердің жаңа ерекше түрлерін, дәнді және көкөніс дақылдарының жаңа сорттарын, заманауи биотехнологиялық әдістермен алынған ағаш тұқымдас өсімдіктердің көшеттерін өсіретін жылыжайды аралады, сирек кездесетін өсімдік түрлерінің микроплазмасының криобанкін көрді. In vitro культурасында өсірілген эндемикалық өсімдіктердің коллекциясы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Оларды шетелдің белгілі ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі де қызықтырды, өйткені НЗМ түлектері ағылшын тілін жетік біледі және оқытушылардың университет қабырғасында беретін білімдерінің арқасында өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясының, микроорганизмдердің, сондай-ақ молекулалық технологиялар мен экологиялық биотехнологияның көптеген салалары жайлы біледі.

Генетика және селекция зертханасында зертхана меңгерушісі б.ғ.д. А.М. Кохметовамен кездесу

 

Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы зертханасында зертхана меңгерушісі б.ғ.д. А.А.Нұржановамен кездесу

 

Криоконсервациялау және гермоплазма зертханасында

 

Молекулярлық генетика зертханасында

 

Институттың жылыжайында биотехнологиялық әдіспен алынған өсімдіктердің коллекциясымен таныстыру

 

Молекулярлық биология зертханасында зертхана меңгерушісі, PhD Д.А. Гриценкомен

 

Ашық типті зертханада. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын заманауи жабдықтармен танысу

 

Институт директорының ғылыми зертханалардың негізгі бағыттары, жобалары және жетістіктері туралы презентациясы

 

Кездесу өте пайдалы, мазмұнды және демонстрациялы болды, өйткені студенттер өсімдік биотехнологиясы саласындағы қазақстандық ғалымдардың заманауи жетістіктері туралы көп мағлұмат алып қана қоймай, сонымен қатар егістікте және жылыжайда нақты іс-әрекеттегі технологиялық әзірлемелерді өз көздерімен көрді және отандық ғалымдардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында Қазақстанда биотехнологиялық зерттеулер жақсы дамығанын мақтанышпен айтады.

ҚР БҒМ ҒК «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» ШЖҚ РМК жас мамандарды биология және биотехнология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу үшін жоғары білікті ғалымдар командасына шақырады.