«Нейровизуализация: заманауи тәсілдер мен тәжірибелер» атты авторлық оқыту курсы өтеді

11.11.2021

Көрулер: 1958

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және нейроғылымға қызығушылық танытушылар!

Шетелдік ғалымдардың шақырылуымен мемлекеттік бағдарлама аясында 2021 жылдың 15 қарашасы мен 15 желтоқсаны аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Нейровизуализация: заманауи тәсілдер мен тәжірибелер» атты оқыту курсы өтетінін хабарлаймыз.

Курстың авторы және жетекшісі – б.ғ.к., Нейрология және медицина ғылыми-зерттеу институтының аффективті, когнитивтік және трансляциялық нейробиология зертханасының психодиагностика, миды ынталандыру және функционалдық МРТ секторының меңгерушісі (Новосибирск, РФ), НМУ гуманитарлық институтының іргелі және қолданбалы лингвистика кафедрасының неврология бойынша арнайы курстарының дәріскері, Behavioral Neuroscience Archive, Individual and Social Behaviors, Frontiers in Behavioral Neuroscience ғылыми журналдарының редактор-рецензенті Иван Викторович Брак (Хирш дәйексөзі индексі – 7).

Иван Викторович нейроғылым саласындағы ғылыми зерттеулердің бай тәжірибесіне ие және ЭЭГ және МРТ деректерін талдау және түсіндіру бойынша танымал халықаралық сарапшы бола отырып, ми сигналдарын өңдеудің және декодтаудың ең заманауи әдістеріне ие, олар туралы білімдерін өзінің авторлық курсында бөліседі. И.В.Брак нейрондық желі теориясы, эксперименттік парадигмалардың нұсқалары, пайплайн, MРТ деректерін талдау құралдары және басқалары сияқты тақырыптарды қарастырады.

Сабақ 2021 жылдың 15 қарашасынан 15 желтоқсанына дейін күн сайын – дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 14:30-дан 16:30 – 18:30-ға дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 431, 214, 427, 436 аудиторияларында және/немесе зертханаларында өткізіледі. Барлық қызығушылық білдірушілер шақырылады, кіру тегін.

Иван Брактың сабақ бағдарламасы және кестесімен факультеттің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасынан танысуға болады.

 

Анықтама телефондары:

+7 (727) 377-33-33 (ішкі – 1903)

8 702 938 88 16