«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

05.03.2023

Көрулер: 1624

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрліліктер және биоресурстар кафедрасының Геоботаника мамандығының 1-курс докторанттары  5-наурыз күні  көктем мерекесіне және 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған онлайн тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәрбие сағаты «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген атпен аяулы аналарымыз, асыл әжелерімізге, ару қыздарымызға арналды. Бұл іс шара бүгінгі күні қазақ қыздарының тәрбиесін, заман талабындағы қазақ қызы қандай болу керек, қыздардың шаш күтімі, бет күтімі тақырыптарын қозғады. Басты көңіл қазақ қызының тәрбиесіне берілді.

     Іс-шараға факультет әдіскерлері, кафедраның оқытушылары, педагогика кафедрасының оқытушылары, докторанттар және де студенттер қатысты. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы заманауи қазақ қызы қандай болу керек сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, отбасында аяулы жар, ардақты аналардың мансап жолы да мысалға алынып, көрсетілді. Тәрбиелік іс- шара өте жоғары дәрежеде өткізілді.

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz