Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық отырысы

13.02.2021

Көрулер: 1453

Конференцияның пленарлық отырысы екі кезеңде өтті. Пленарлық отырыстың бірінші бөлімі аясында Қазақстандағы экологиялық биотехнологияның дамуына зор үлес қосқан отандық ғалымдардың 9 баяндамасы тыңдалды. Атап айтқанда, белгілі ғылым докторлары, профессорлар Жұбанова А.А., Мансұров З. А., Саданов А. К., Жамбакин К. Ж., Бисенбаев А. К., Қанаев А. Т., Нұржанова А. А., Абжалелов А. Б., Биғалиев А. Б.

Пленарлық отырыстың екінші бөлімінде шетелдік қатысушылардың 7 баяндамасы тыңдалды.

Қатысушылардың кең географиясы конференция тақырыбының және оның аясында қарастырылатын мәселелердің өзектілігін растайды. Аталған конференция келесідей екі секция шеңберінде біріктірілген мәселелердің кең ауқымы бойынша әлемдегі биотехнологиялық трендтердің қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді:

* Қоршаған орта биотехнологиясының аспектілері, инновациялары мен жетістіктері

* Биоэнергетиканың инновациялары мен жетістіктері.

Конференция аясында негізгі тақырыптардың ішінде мынадай мәселелер талқыланды: Еуропа және Азия өңірлерінде табиғатты қорғау мен биоэнергетиканы реттеуді дамыту тәжірибесі; 21 ғасырдағы экологиялық проблемалардың жаһандануы және ықтимал жауаптарды іздеу.