Оқу-әдістемелік семинар-тренинг

18.01.2021

Көрулер: 1438

 

2021 жылы 18-қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты мен биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар  кафедрасы бірлесе отырып "Қазақстан Республикасында орта білім берудің 11 – сыныптарына арналған жаңартылған бағдарлама негізінде "Биология" пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесі" тақырыбында биолог-мұғалімдерге арналған Республикалық оқу – әдістемелік семинар-тренинг (онлайн) өткізеді.

         Курстың мақсаты: ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыпсатыру, сыни ойлауды дамыту, фактілер арасындағы ұқсастықтарды құру және оларды түсіндіру қабілетін қалыптастыру.

         Курста дәрістерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүргізеді.

         Семинарды ұйымдастырушылар биология пәні бойынша 11-сынып кітабының авторы, биофизика, биомедицина және нейробиология кафедрасының доценті, б.ғ.к., Н.Т. Абылайханова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты

Техникалық хатшы: Сайдахметова А. Қ.

         Кіру сілтемесі:

https://us04web.zoom.us/j/74357856206?pwd=cGdkVmlJRnBQWGhVNUJhS1VpODlpQT09

Идентификатор: 743 5785 6206 

 Код: jpkG65

www.kaznu.kz